Динара Сәтжан ұлының тойына дайындықты бастап кетті

Динара Сәтжан ұлының тойына дайындықты бастап кетті
Фото: видеодан скриншот

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан ұлының алдағы үйлену тойына дайындық басталғанын хабарлап, желіде қызу талқыланған дәстүрге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Жуырда жалғыз ұлының сүйіктісіне құда түсіп, сырға салған тележурналист отбасының күзде өтетін үлкен тойға әзірленіп жатқанын жеткізді.

"Бұйырса, күзде үлкен той жасауды жоспарлап отырмыз. Алғашында жас жұбайларға арналған торттың бірінші бөлігін мен жеймін деп ойлағанмын. Бірақ әлеуметтік желідегі пікірлерді оқып, бұл "ред флаг" саналатынын көрдім. Сондықтан торттың алғашқы бөлігін жастардың өздері жесін. Мен үшін ең маңыздысы – екеуінің бақытты болуы", – деді Динара Сәтжан.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу