Дональд Трамп Ормуз бұғазындағы азат ету операциясының басталғанын мәлімдеді

04.05.2026 10:03 Мөлдір Қайнар
Дональд Трамп Ормуз бұғазындағы азат ету операциясының басталғанын мәлімдеді
750
фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде Ормуз бұғазындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, дүйсенбі күні таңертең Таяу Шығыс уақытымен кемелерді шығару операциясы басталатынын хабарлады, деп хабарлайды Politico.kz.

Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталмаған.

Трамптың айтуынша, әлемнің бірқатар елдері Вашингтонға Ормуз бұғазы арқылы өте алмай қалған кемелерін босатып беруді сұраған. Бұл жағдай АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіске байланысты туындағаны айтылды.

«Иранның, Таяу Шығыстың және АҚШ-тың игілігі үшін біз бұл елдерге олардың кемелерін осы шектеулі су жолдарынан қауіпсіз алып өтетінімізді айттық. Осылайша олар өз істерін еркін әрі толық жалғастыра алады. Бұл процесс “Project Freedom” (бостандық жобасы) деп аталады және ол дүйсенбі күні таңертең Таяу Шығыс уақыты бойынша басталады», – деп жазды Дональд Трамп.

Сонымен қатар ол операцияға кедергі жасалған жағдайда АҚШ күш қолдануы мүмкін екенін ескертті. CENTCOM мәліметінше, кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған бұл операцияға эсминецтер, әскери ұшақтар және шамамен 15 мың әскери қызметкер жұмылдырылады.

Войдите, чтобы оставить комментарий