Дональд Трамп өзін авторитарлық көшбасшы деп есептемейтінін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп билікті толық өз қолына шоғырландыруға ұмтылмайтынын және өзін авторитарлық көшбасшы деп есептемейтінін мәлімдеді,деп хабарлайды POLITICO.KZ.
ABC телекомпаниясына берген сұхбатында Трамптан кейбір америкалық азаматтардың алаңдаушылығына қатысты пікір білдіру сұралды. Олар Трампты "билікті шамадан тыс иемденіп, авторитарлық президентке айналып барады" деп санайды.
"Менің ондай болғым келмейді. Мен тек бір нәрсемен айналысамын — бұл Американы қайта ұлы елге айналдыру. Біздің ел әлсіреп қалған. Бізді бүкіл әлем күлкі етті. Бұрын бізде өте біліксіз көшбасшы болды", – деп мәлімдеді Трамп (бұл жерде ол өзінен бұрынғы президент Джо Байденге меңзеп отыр – ТАСС ескертпесі).
2024 жылдың 27 сәуірінде жарияланған ABC, The Washington Post және Ipsos әлеуметтану қызметі жүргізген бірлескен сауалнама нәтижесіне сәйкес, америкалықтардың 56%-ы Трамп өз өкілеттігін асыра пайдаланды деп есептейді.
Сауалнамаға қатысқандардың 49%-ы Трамптың әрекеттері АҚШ-тың жаһандық көшбасшылығын нығайтқан жоқ, керісінше әлсіретті деген пікірде.
Соңғы жаңалықтар





