"Дубайда істейді": Сәкен Майғазиевтің келіні кім болып жұмыс істейді?

Жеке брендпен айналысатын Динара Мырзажанқызы есімді Instagram қолданушысы Сәкен Майғазиевтің келіні Әдияның жұмысын анықтапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ sportinside.kz cайтына сілтеме жасап.
Динара Мырзажанқызы Instagram желісіндегі ресми парақшасында Әдияның абайка сатумен айналысатынын жеткізді.
"Жақында Сәкен Майғазиев дүркіретіп үлкен ұлының тойын жасады, баласын үйлендірді. Баласы Әділет 27 жаста болса, келіні Әдия 20 жаста. Ол Ақтаудың тумасы, Жаңаөзеннің қызы. Енді Әдия кім болып жұмыс жасайды екен? Оның парақшасына кірген кезде эстетиканы, сұлулықты, нәзіктікті, пост салуды жақсы көретінін байқадым. Ал жұмысына келетін болсақ, ол Дубайдан абайка киімдер сатып алып, Қазақстанға келіп сатады", – деп жазды Динара Мырзажанқызы.
Видеоның соңында ол Әдияның парақшасына, жұмыс парақшасына талдап, шолу жасайды. Бұл, бәлкім, Динара Мырзажанқызының жеке брендке байланысты жариялаған контенті болуы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар





