“Дұғаларыңызды аямаңыздар”: Денсаулығы сыр берген Төреғали Төрәлі қазіргі жағдайын айты

Төреғали Төрәлінің денсаулығы сыр бергенін айтты. Ол қазіргі таңда ем алып жүр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Төреғали Төреәліге желі қолданушыларына жылы лебізін жаудырып, алғыс айтты. Әншінің әкесі Төреәлі Төлепов те желіде жазба қалдырып, баласының тез сауығып кетуін тіледі.
Әншінің әкесі баласы үшін дұға жасап, көңілін сұрап жатқандарға арнап желідегі парақшасында жазба арнады.
"Ассалаумағалейкум! Жақсыларым. Ниеттес, тілектес болып, "дұғадамыз" деп жатқан барша жандарға Алла разы болсын. Жақсы жаңалықпен жолыққанша", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары болса, тілктерін жазып, әншіге саулық тіледі.
"Алла амандығын берсін, қуаныштымыз, уайымдап жүр едім "қазақтың тума талант жігітіне көз тиді ме?" деп, аман болшы Ақтөреш", "Төреғали сауығып кет, айналайын, біз сені жақсы көреміз", "Алла отбасымен аман-есен қауышуды жазсын, келген дерттің шипасы тезірек табылсын, аман болсын мықты әнші", "Төреғалиді сағындық. Аллам шипасын берсін. Концерттерін күтіп жүрміз", - деп жазды олар.
Соңғы жаңалықтар





