"Екі бала жансақтау бөлімінде": Алматыда пойызда көміртегі тотығынан 52 жолаушы уланып қалды

11.12.2025 16:35 Мөлдір Талғат
0
44
Фото: ашық дереккөз

Алматы-2 теміржол бекетіне келген пойызда орын алған төтенше жағдай салдарынан 52 жолаушы көміртегі тотығынан улану белгілерімен медициналық көмекке жүгінді,деп хабарлайды POLITICO.KZ.

 Зардап шеккендердің арасында балалар да бар, екі бала жансақтау бөліміне жеткізілген. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметінің 13 бригадасы жұмылдырылып, барлық науқастар қалалық стационарларға жеткізіліп, тексеруден өтіп, қажетті алғашқы медициналық көмек алған.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, тексеріс қорытындысы бойынша 10 бала ауруханаға жатқызылған, оның екеуінің жағдайы ауыр болғандықтан жансақтау бөлімінде бақылауға алынған, қалғандары тиісті профильдік бөлімдерде ем қабылдап жатыр.

Басқа пациенттерге алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін олар тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емге жіберілген. Ауруханаға түскендердің барлығы дәрігерлердің қадағалауында.

Жағдайға қатысты “Жолаушылар тасымалы” АҚ өз түсініктемесін беріп, улану тіркелген пойыздың компанияға тиесілі еместігін, бұл оқиғаның ұлттық тасымалдаушыға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, вагондар жеке тасымалдаушыға тиесілі болып, киностудияға түсірілім мақсатында берілген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий