"Екі демалыс аймағын салдым". Сырым Исабаев өнерден тыс немен айналысқанын айтты

14.12.2024 16:45
0
203
әлеуметтік желі

Бір кездері өнер әлемінде жарқ еткен, алайда кейін көрінбей кеткен әнші Сырым Исабаев "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында 10 жылдан бері немен айналысқанын айтты.

Әнші өнер саласында жүргенде негізгі мамандығы бойынша жұмыс істеу туралы ой үнемі толғандырғанын жасырмады.

"Негізі мен бухгалтерлік есеп және аудит мамандығын оқығанмын. Бірақ қосымша вокалдық білімді алып жүріп, өнер ордасына қалай келгенімді өзім түсінбей қалдым, - деді ол.

Өнер иесі бүгінде танымал әнші Қайрат Нұртаспен бірге жұмыс істеген кезін есіне алды.

"Қайрат Нұртаспен де ән айттым, Қайрат екеуміз жақсы жолда жолықтық, оның өзінің жеке екі әні болды, менің екі әнім бар еді. Солай Шымкентте "Оңтүстік жұлдыздары" бағдарламасында екеуміз жарыстың соңында дуэт айтып, алдыңғы қатарға шықтық. Жақсы жұптасып, бір жыл ішінде екеуміз де халықтың көңілінен шыға білдік. Одан кейін 3 жыл бойы Қазақстандағы ауыл-қалаларды араладық, Қырғызстан, Моңғолия секілді шетелдерге шығып, өнер көрсеттік. Сол кезде өзімді жеке көрсетейін деп "Алып қашу операциясы" фильмін түсірдім", - деді ол.

Әнші осы уақыт аралығында бірнеше кәсіп ашып, ісін дөңгелетіп отыр.

" 10 жылдың көлемінде 70-80 пайызға асырдым деп ойлаймын. Халыққа қызмет көрсету кәсібін аштым, екі демалыс аймағын салдым, жасөспірімдерге білім беру және сауықтыру кешенін аштым. Осы бағытта шетелмен де жұмыс істедім. Өнер қандай қызық болса, кәсіп те тура солай қызық. Негізі әнді орындағанда біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді, мұқтаж болмай, жүрегіңдегі бере алу үшін мына заманда қаражатың түген болуы керек. Сонда ғана арманыңа жетесің, ән жазғанда хит болсын деп жеңіл сөздермен емес, ойыңдағы дүниені беруге тырысасың. Мамандығың бойынша жұмыс істеу іштей үнемі толғандырып жүреді екен", - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін сахнадан көрінбей кеткен Сырым Исабаев ел алдында көзге түскен еді.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или