«Екі дүниеде де жазасын алсын» – Жанель Мақажан жақын адамынан соққы көргенін айтты
1260
Актриса Жанель Мақажан өмірінде ауыр кезеңді бастан өткеріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында басына түскен сынақтың оңай тимегенін жеткізіп, қазіргі уақытта рухани ем алып жүргенін жазды.
Жанель Мақажан нақты қандай жағдайға тап болғанын ашып айтпағанымен, өз жазбасында ең ауыр соққы жақын адамнан келетінін меңзеген.
Актрисаның бұл мәлімдемесі желі қолданушыларын қатты алаңдатты. Желідегі оқырмандары оған сабыр тілеп, қиындықты тезірек еңсеруіне тілектестік білдіріп жатыр.
«Рухани ем алып жатырмын. Ешкімнің басына бермесін. Басымнан өтіп жатқан сынақты айтам, шошисыздар. Адам баласы сонша зұлым болады деп кім ойлаған, екі дүниеде де жазасын алсын деп тілеймін. Өкінішке қарай, ең ауыр жамандық жақыныңнан келеді екен. Сіздің қорғаныңыз – Аллаға жақындау», – деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...