Екі тарап та келіспейді: Руслан Берденовтің ісі қайта қаралады
844
Руслан Берденовтің ісі қайта қаралады, деп хабарлайды Казинформ.
Шымкент қаласының бұрынғы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қатысты шулы іс бойынша сотталған Ернар Жиембайдың үкіміне екі тарап та шағымданды. Енді бұл істі қалалық соттың апелляциялық сатысы қарайтын болады.
Қалалық соттың баспасөз қызметі Kazinform агенттігінің ресми сауалына жауап ретінде апелляциялық шағымды екі тараптың да түсіргенін растады.
«Апелляциялық шағымдарды қарау 8 қазан күні сағат 12:00-ге Шымкент қалалық сотының ғимаратында белгіленді», — деп хабарлады сот өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, бұл іс бойынша сот процесі 20 тамызда аяқталған болатын. Сол кезде ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сот Ернар Жиембайды орташа қауіпсіздік мекемесінде 9 жылға бас бостандығынан айыруға үкім кескен еді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...