Екі ұшақ соқтығысып, адамдар ажал құшты

Екі ұшақ соқтығысып, адамдар ажал құшты
19.05.2025 07:33
0
251
Фото: freepik.com

Екі ұшақ соқтығысып, адамдар мерт болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Финляндияның батысындағы Сатакунта провинциясында, Эура елдімекені маңындағы аэродром аумағында екі жеңіл тікұшақ әуе кеңістігінде соқтығысып, апат салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media. 

Тікұшақтар Таллин қаласынан ұшып шыққан. Фин полициясының мәліметінше, Robinson R44 Raven маркалы тікұшақтардың бірінде екі, екіншісінде үш адам болған. Алдын ала дерек бойынша, аман қалғандар жоқ. Қаза тапқандардың кім екені анықталып жатыр. Эстония СІМ бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, марқұмдар арасында эстониялық кәсіпкерлер болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Финляндия Қорғаныс министрлігі бұл апаттың әскери нысандар мен техникаларға еш қатысы жоқ екенін атап өтті. Құтқару қызметі мен полиция оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр. Ресми мәлімдеме кейінірек жарияланбақ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий