Екі жастағы баласын көлігімен басып өлтірген әке сотталды

Екі жастағы баласын көлігімен басып өлтірген әке сотталды
20.08.2025 14:07
0
295
ашық дереккөз

Әзербайжанда Ленкоран ауыр қылмыстар жөніндегі сотында екі жасар баласын абайсызда қазаға ұшыратқан Эльшан Аскеровке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.

Сот процесінің нәтижесінде айыпталушы Эльшан Аскеровке қатысты үкім жарияланды.

Сот шешімімен Э.Аскеров 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда, Әзербайжан Республикасы Қылмыстық кодексінің 70-бабына сәйкес, жазаның 2 жылы шартты деп танылып, қалған мерзімді нақты өтеу тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға өткен жылдың 13 қыркүйегінде орын алған. Саатлы ауданы Орта Муғаң ауылында тұратын Эльшан Аскеров көршісінің ауласында өтетін үйлену алдындағы мерекеге бармақ болған. Осы мақсатта ол үйінің ауласында тұрған ВАЗ-2161 маркалы автокөлігін артқа қарай жүргізе бастаған. Дәл сол сәтте үй маңында ойнап жүрген 2022 жылы туған ұлы — Санан Аскеров көліктің артында қалып қойған. Нәтижесінде, көлік бүлдіршінді басып кеткен.

Жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий