Экс-министр әйелінің қолы мен аяғын балталап тастады

Экс-министр әйелінің қолы мен аяғын балталап тастады
02.05.2025 12:57
0
324
Фото: freepik.com

Мәскеу облысының кәсіпкері және бұрынғы сауда министрі Михаил Хубутия бірге тұрған серіктесі Юлия Ванға 25 сәуірде балтамен шабуыл жасап, қолын сындырған. Олардың ортақ бір баласы бар, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Азаматтық некедегі күйеуінің жауыздығы туралы ол Ксения Собчакқа берген сұхбатында айтып берді. Собчак Юлия Ван емделіп жатқан ауруханаға барып, сұхбат алған.

Оның айтуынша, оқиға 24 сәуірде телефонға жіберілген аудио хабарламадан басталған. Экс-министр Юлия Ванға жеке басын қорлап, баласын тәрбиелей алмайтынын айтып, оны психикалық орталыққа қамап тастаймын деп, хабарлама жіберген.

Михаил Хубутия 1998 жылдан бастап 2024 жылға дейін бірінші әйелімен тұрған. Ажырасқаннан кейін ол бұрынғы отбасымен активтерді бөліскен.

«Мұндай хабарламалар маған бірінші рет келіп отырған жоқ. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылықты жиі көрсететін кәдімгі абьюзер болды. Маған келетін барлық табыс көздерін бұғаттап, жұмыссыз қалдырды. Ал бұрынғы отбасымен ресми ажырасты ма білмеймін. Бірақ олар әлі де бірге тұрып жатты. Мен оның көңілдесі болған жоқпын. Біз екінші отбасы сияқты өмір сүрдік», — деді Юлия Ван.

Оның айтуынша, 24 сәуір күні түнде экс-министр мас күйінде келіп, оған аң аулайтын балтасымен шабуыл жасаған.

«Төсекте жатқан менің аяғымнан балтамен ұрғылай бастады. Мен шыңғырып «мені өлтірейін деп жатыр, көмектесіңіздер» деп айғайлай бастадым. Ол қол-аяғымнан ұрғылап, «сені өлтіремін» деп ашуланды. Мен қан-жоса болған кезде өлген сияқты күй танытуым керек деп ойладым. Кейін өлген адам сияқты жата қалдым. Ол да бұл әрекеттен шошып кеткен болуы керек, балтасын алып төменге жүгіріп кетті. Ол қашып кеткен соң астына түсіп, бала күтішуге «жедел жәрдем шақырыңдар» деп айттым. Ал ол болса жедел жәрдем көлігін өте ұзақ шақырды. Кейін балконда тығылып біраз отырдым. Саусақтарым сынған. Аяғымда да жара бар. Сол түні өте көп қан жоғалттым», — дейді Юлия Ван.

Кейін Ксения Собчак Михаил Хубутияға хабарласып, оқиғаға қатысты пікірін сұрайды.

«Мен ешкімге жауап бермеймін. Мен сіздің анаңыздың жақсы танысымын. Сен ақылды қызсың ғой. Мені қалай ұмытып қалдың. Мен саған тек адвокатыммен ақылдасқан соң ғана пікір айта аламын. Бұл барып тұрған сандырақ әңгіме», — деді Хубутия.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий