Экс-министр мен депутаттарға рақымшылық жасалады

Экс-министр мен депутаттарға рақымшылық жасалады
12.08.2025 12:25
0
101
Фото: freepik.com

Оңтүстік Кореяда ел жапон отаршылдығынан азат етілгеніне 80 жыл толуына орай түрмедегілерге рақымшылық жарияланады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Әділет министрлігінің мәліметінше, 15 тамызда ел президенті Ли Чжэ Мён 2188 адамға кешірім жасау туралы жарлыққа қол қояды. Рақымшылыққа іліккендер арасында бұрынғы Әділет министрі Чо Гук пен бұрынғы депутат Юн Ми Хян бар.

Экс-министр балаларын беделді университеттерге түсіру кезінде жалған құжат жасағаны үшін сотталды. Юн Ми Хян қомақты қаражатты иемденгені үшін бас бостандығынан айырылды. Рақымшылық оларға сайлауға қатысу құқығын қайтарады және саясатқа қайта кірісуге мүмкіндік береді. Алайда бұл жарлық қазірдің өзінде консерваторлардың сынына ұшырады.

Сондай – ақ, рақымшылыққа іліккендер қатарында бизнес өкілдері, балықшылар, жүк көлігін жүргізушілер, шағын дүкен иелері, 70 жастан асқан қарт адамдар, маңызды заттарды ұрлағаны үшін сотталған сәбилердің ата-аналары, сондай-ақ кәсіподақ наразылықтарының кейбір қатысушылары да бар.

Әділет министрлігі бұл қадам азаттық мерейтойына орайластырылған және «ұлттық бірлік пен экономиканы ынталандыруға» ықпал етуге арналған деп мәлімдеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий