“Түрмеге тоғытылады”: Елдің бірінші ханымы көпшіліктен кешірім сұрады

“Түрмеге тоғытылады”: Елдің бірінші ханымы көпшіліктен кешірім сұрады
06.08.2025 10:57
0
454
Фото.: freepik.com

Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы елден кешірім сұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.                                                          
 

Оңтүстік Кореяда тарихта алғаш рет экс-бірінші ханым тергеуге алынды. Ол сотталып жатқан бұрынғы президент Юн Сок Ёльдің әйелі. 

Бүгін, 6 тамыз күні экс-президент Юн Сок Ёлтдің әйелі Ким Гон Хи Сеул орталығында прокурордан жауап алуға келді. Ол прокурордың кеңсесіне кірер алдында журналистер қойған сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар ел алдына шығып көпшіліктен кешірім сұрады. 

«Мен сияқты адам бүкіл елде алаңдаушылық тудырғанына шын жүректен өкінемін»– деді ол. 

Бірақ экс-ханым өзіне тағылған айыптар туралы сұрақтарға жауап беруден бас тартты. Ким Гон Хи бірнеше қылмыс бойынша күдікке ілінген. Бұрынғы мемлекет басшысының әйелі алаяқтықтан бастап пара алуға дейін барып, өз қызметін теріс пайдаланған деп айыпталуда. Ал күйеуі Юн Сок Ёль былтыр елде әскери жағдай енгізгені үшін түрмеде отыр. 

Айта кетейік, оның соты әлі жалғасуда. Бірақ экс-президент жауап алуға келмей, наразылық танытып жатыр.

 

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий