"Халықтың жағдайы жақсы": елде енді жалақы көтерілмейтін болды

27.09.2025 14:02
0
1
pixabay.com

Түркіменстанда халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы «жоғары деңгейде» деп танылып, жалақы мен әлеуметтік төлемдерді көбейтуді тоқтату ұсынылды. Бұл туралы «Независимый Туркменистан» газеті хабарлады.

20 қыркүйекте өткен Халк Маслахатының (Жоғарғы кеңес) отырысында елдің құрметті ақсақалы Язмырат Атамырадов сөз сөйлеп, кеңес төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке (ресми титулы – Аркадаг, яғни «қамқоршы») ашық түрде үндеу жасады.

«Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы өте жоғары екенін ескере отырып, жалақыны, зейнетақыны, мемлекеттік жәрдемақылар мен студенттердің стипендияларын көбейтуді доғаруды ұсынамын. Шын жүректен осы ұсынысты қолдауыңызды сұраймыз», – деді Атамырадов.

Оның айтуынша, Түркіменстандағы жеңілдіктер мен әлеуметтік қолдаудың мұндай түрлері әлемнің ешбір елінде жоқ. Сондықтан қаржыны жалақыны арттыруға емес, елді дамытуға және басқа да маңызды салаларға бағыттау қажет.

Айта кетейік, бұған дейін Түркіменстан ислам елдеріне бірыңғай энергетикалық белдеу құруды ұсынған болатын. Гурбангулы Бердімұхамедовтың пікірінше, бұл бастама шикізат пен өнеркәсіптік орталықтарды біріктіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ тауарлар мен энергоресурстарды жеткізу жолдарын қысқартуға септігін тигізеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий