Елдос “Колобок” 10 жыл күткен баласын алғаш рет көрсетті

20.01.2026 22:31 Берік Арманов Берік Арманов
Елдос “Колобок” 10 жыл күткен баласын алғаш рет көрсетті
0
58
Фото: видеодан кадр

Танымал блогер Елдос Колобок тұңғыш ұлының құрметіне бесік той өткізіп, қуанышты сәттерін әлеуметтік желіде бөлісті. Дәстүр мен жылылыққа толы мерекеге жақын жандары мен туыстары жиналып, жас отбасының шаттығына ортақтасты, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Шара барысында дастархан молынан жайылып, тәттіге толы қоржындар мен нәрестеге арналған сәнді сыйлықтар қонақтардың көңілін көтерді. Ұлттық салт-дәстүр мен заманауи элементтер үйлесім тапқан бұл мереке желі қолданушыларының да ерекше ықыласына ие болды.

Блогердің жары Танчоның аналық мейірімі мен нәзік бейнесі көпшіліктің назарынан тыс қалмады. Көп оқырман оның ана атанғаннан кейін бұрынғыдан да көркейе түскенін айтып, жылы пікірлерін қалдырды.

Желі қолданушылары:

"Тойға қатысқандай әсер алдық", "Танчо ана болған соң тіпті жарасып кетіпті", "Өз туған-туысымыздай қуанып отырмыз", "Не істесе де жарасады", "Көзге қуаныштан жас келді", деп, ақжарма тілектерін білдірді.

Елдос Колобоктың ұлына арналған бұл бесік той көпшілікке жылулық сыйлап, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрге деген құрметтің жарқын үлгісі болды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий