Елдос Қоспаев 15 жылға сотталды

Елдос Қоспаев 15 жылға сотталды
28.01.2025 16:34
0
175
Ашық дереккөз
Елдос Қоспаевқа 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Елдос Қоспаевқа үкім шығарды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, Елдос Қоспаев пен оның ұйымдасқан қылмыстық тобы 2023 жылдың қыркүйек айында Солтүстік Кипрден Қазақстанға экстрадицияланған болатын. Олар рейдерлік және ұйымдасқан қылмыстық топ құру мен оған қатысу бойынша айыпталған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қоспаевтың тобына 11 адам кірген. Олар келесі компанияларды заңсыз иемденгені үшін күдікке ілінді:

  • AV-Construction;
  • Profit Trade LTD;
  • Azovita Aktau;
  • Azovita Atyrau.

Қоспаев 7 жылға сотталған кәсіпкер Алмас Абдығаппаровтың бизнесінің 75%-ын сенімді өкілдері арқылы иемденген. Кейін қысым көрсету арқылы оның анасынан қалған 25%-ды да тартып алған.

Бұл қылмыстық істің тергеуі 2024 жылдың көктемінде аяқталды. Сот шешімі бойынша Қоспаев ұзақ мерзімді жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или