Елдос Сметов тағы бір марапатқа ие болды
![Елдос Сметов тағы бір марапатқа ие болды](/img/articles/5f4efd2c251296a42ce765667c57019a.jpg)
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жылдың үздік спортшылары мен жаттықтырушыларын, жалпы, спорттың дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттады.
Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, «Үздік-2024» деп аталатын бұл жобаның бас демеушісі – «Самұрық Қазына» ұлттық әл ауқат қоры.
«Жыл қорытындысы бойынша Елдос Сметов пен Давид Дегтярев – «Жылдың үздік спортшысы»; Ғалымжан Жылгелдиев, Юрий Колесников – «Жылдың үздік жаттықтырушысы»; Ғизат Түсіпаев – «Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы»; Ерлан Тасболатов – «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері»; Илья Мизерных – «Жас және жасөспірімдер құрамындағы спортшы»; Сергей Сергеев – «Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы»; Надежда Ким – «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман»; Ақмарал Науатбек – «Спортта үздік серпін» номинацияларында жеңімпаз атанды», - деп хабарлайды министрлік.
Соңғы жаңалықтар
![](../img/articles/0bbca855104ac5e475181402aafe1114.webp)
![](../img/articles/615bb6ac25c5af94e0cc489314f86357.webp)
![](../img/articles/8103027b16c94442f7ea1a1470110479.jpg)
![](../img/articles/6ae2f4c53d2cf49a3b4c2896115da954.webp)
![](../img/articles/2b9090ad1a84c7aacfd3865e6c525a40.webp)
![](../img/articles/23c88695ec67c237b8fa4a4374e95164.jpg)