Елдос Сметовтың жағдайы нашарлап, ота жасатуына тура келді

Елдос Сметовтың жағдайы нашарлап, ота жасатуына тура келді
24.06.2025 08:58
0
164
Фото: әлеуметтік желі

Елдос Сметовтың жағдайы нашарлап, ота жасатуына тура келді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Италияда иығына ота жасатты. Ол денсаулығына алаңдаушылық білдірген Қазақ еліне алғысын білдіріп, қазіргі жағдайы туралы айтты.

“Құрметті Қазақ елі! Мені уайымдам, алаңдаушылық білдіріп жатқандарыңызға рахмет! 

Италияның Рим қаласында иығыма ота жасатқаным рас. Аллаға шүкір, бәрі жақсы өтті. Өздеріңіз бұрыннан білесіздер Олимпиадаға дейін де иығымның жарақаты, ұсақ жарақаттарым жиі мазалайтын. Қазір денсаулығыма толық көңіл бөлгенді және толық ем қабылдағанды жөн көрдім. 

Алла жазса, 2-3 айдан кейін жаттығу, ал жарыстарға - келесі жылдың басында қосылуға ниеттімін. 

Карьерасын аяқтады деп сүйіншілегендерге де сәлем жолдаймын. Мен әлі сары нашивкамен татамиге шығып күресетін боламын”,- деп жазды Елдос Сметов. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий