Электр энергиясын өндіру мен генерацияға ауқымды инвестиция қажет – Сенат төрағасы
501
Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат-міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның төртінші отырысы өтті.
Іс-шарада қатысушылар заманауи энергия көздерінің жалпыға бірдей таралуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Отырысты ашқан М.Әшімбаев қолжетімді, тұрақты және заманауи энергия көздерін дамыту қазіргі кезде еліміз үшін өзекті мәселе екенін айтты. Қазақстанда электр желілерінің тозуы жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. Осыған байланысты, баламалы энергия көздеріне баса мән берудің және «жасыл экономикаға» көшудің жүйелі тәсілдерін қалыптастырудың маңызы арта түсті.
Парламенттік комиссияның отырысына Сенат және Мәжіліс депутаттарымен бірге Энергетика, Экология және табиғи ресурстар министрлері, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының тұрақты өкілі, өңір әкімдіктерінің өкілдері, Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелері, сондай-ақ, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.«Халықтың электр энергиясымен қамтылғанына қарамастан, бүгінде электр желілерінің тозуы үлкен проблема екені жасырын емес. Электр энергиясын өндіруге, генерацияға ауқымды инвестиция қажет. Елімізде газдандыру ісі әлі де болса маңызды міндет болып қалып отыр. Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі де өте төмен екенін айта кеткен жөн. Мемлекет басшысы атап өткендей, «жасыл экономиканы» дамыту – еліміздің қазіргі күн тәртібіндегі негізгі басымдық болуы қажет. «Жасыл экономикаға» көшу халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және қоршаған ортаға жүктемені азайтып, табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы мақсатқа қол жеткізуге ықпал ету – депутаттық корпустың негізгі міндеттерінің бірі», – деген Мәулен Әшімбаев әріптестерін осындай ортақ мақсаттарға жету жолында күш жұмылдыруға шақырды.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
08:15
Каспийдегі трагедия екі бап бойынша тергеліп жатыр
25.09.2026
00:58
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты
25.09.2026
00:28
Allur, QazTehna, Agromash зауыттары қаза тапқан...
24.09.2026
23:27
Балалар үйінің тәрбиеленушісін қорқытып, ақшасы...
24.09.2026
23:21
Шалқардағы қанды төбелес: ауылдасын өлтірген ст...
24.09.2026
22:47
Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың ...