Елге танымал әншінің отбасында қайғылы жағдай орын алды
1789
Ресейлік әнші Татьяна Буланова жұбайы Валерий Рудневтің әкесі қайтыс болды. Өнер иесінің айтуынша, марқұммен арада ерекше жылы қарым-қатынас орнаған.
Буланова бірнеше рет күйеуінің ата-анасын өзіне нағыз тірек, жақын жандар ретінде атап өткен. Әншінің туған әкесі 1998 жылы, анасы 2017 жылы өмірден өткеннен кейін бұл қолдау оның өмірінде айрықша мәнге ие болған.
Өнерпаздың сөзінше, қайыната мен қайынене әрдайым ерекше көңіл бөліп, қамқорлық танытқан. Көптеген сұхбаттарында ол отбасының үйлесімді қарым-қатынасын және күйеуінің туыстары кез келген жағдайда көмекке дайын екенін атап өткен.
Еске сала кетейік, Татьяна Буланова 2023 жылдың 2 маусымында үшінші рет тұрмысқа шыққан. Оның жұбайы — кәсіпкер Валерий Руднев, ол әншіден 19 жас кіші.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...