Елімізде 28 адамның есімі – Қазақстан
Елімізде "Қазақстан" есімді 28 азамат тұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ерекше есімдерге қатысты ресми статистикасын жариялады. Бүгінгі таңда елімізде өз Отанының құрметіне Қазақстан деп аталған 28 азамат тұрады.
Бюроның ресми мәліметінше, бұл сирек есім иелері еліміздің әр өңірінде кездеседі. Олардың басым бөлігі Қарағанды - 7 адам және Ақмола - 6 адам облыстарында шоғырланған.
Басқа өңірлердегі таралуы келесідей:
- Қостанай облысы мен Астана қаласында – 3 азаматтан;
- Алматы, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында – 2 адамнан;
- Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында – бір-бір азаматтан.
Бір қызығы, осы 28 адамның ішінде тек бір ғана әйел азаматшаның есімі Қазақстан деп тіркелген.
Жас ерекшеліктеріне келетін болсақ, ең қарт Қазақстанның жасы – 92-де, ал ең жасы – 25-те.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...