Елімізде тағы бес кәсіби мереке пайда болды

07.08.2025 • 11:11 Admin
Елімізде тағы бес кәсіби мереке пайда болды
831
Фото: freepik.com

Қазақстанда кәсіби мерекелер тізіміне өзгерістер енгізілді. Тиісті бұйрықты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Құжат Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінің электрондық порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, кәсіби мерекелер тізіміне тағы бес атаулы күн енгізілді:

  • Қазақстан қолөнершілер күні – 7 шілде;
  • Табиғи монополиялар саласы қызметкерлерінің күні – 9 шілде;
  • Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының күні – 15 қыркүйек;
  • Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерінің күні – 20 қазан;
  • Қазақстан кәсіпкерлері күні – 29 қазан.

Осылайша, кеңейтілген тізімде барлығы 74 кәсіби мереке қамтылған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий