Елімізде жалақы деңгейі бойынша қай өңірлер көш бастады?
2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша облыстағы орташа айлық жалақы 637,3 мың теңгеге жетті. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 43,2%-ға жоғары, деп хабарлайды Politico.kz.
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың I тоқсанындағы жалдамалы қызметкерлердің кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоса алғанда жалақы деңгейі туралы деректерді жариялады. Статистикалық мәліметке сәйкес, Ұлытау облысы орташа айлық жалақы көлемі бойынша Қазақстан өңірлері арасында бірінші орынға шықты.
Қаңтар–наурыз айларында өңірдегі орташа жалақы 637,3 мың теңгені құрады. Бұл республика бойынша 445,1 мың теңгені құрайтын орташа көрсеткіштен 192,3 мың теңгеге немесе 43,2%-ға жоғары.
Жалақы деңгейі бойынша келесі жоғары көрсеткіштер Атырау мен Маңғыстау облыстарында тіркелді – тиісінше 610,1 мың және 608,4 мың теңге. Одан кейінгі орындарда 559,9 мың теңге көрсеткішімен Астана қаласы және 551,6 мың теңгемен Алматы қаласы тұр. Осылайша Ұлытау облысы жалақы деңгейі бойынша өзге өнеркәсіптік өңірлерді ғана емес, елдің ірі қалаларын да басып озды.
Соңғы жаңалықтар