Еліміздегі 11 су қоймасы 100 пайыз толып тұр
337
Еліміздегі 11 су қоймасы 100 пайыз толып тұр. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінен мәлім етті.
Ведомство мәліметінше, аталған су қоймалары транзиттік режимде жұмыс істеп тұр. Яғни қоймаға қанша су келсе, сонша мөлшердегі су қойманың төменгі бөлігіне ағызылып жатыр. Қоймаға келіп түсетін су мөлшері азайған жағдайда ағызылатын судың мөлшері де азайтылады.«Еліміздегі барлық су қоймасы қазіргі кезде министрліктің жіті назарында тұр. Су тасу кезеңі қарқынды жүріп жатқан өзендер бойындағы су қоймаларына қатысты ақпаратты күнделікті алып отырмыз. Бүгін таңғы 8-00-дегі ақпаратқа сәйкес, 11 су қоймасы (Қоянды, Ақешкі, Казталов ІІ, Шаған, Ащысу, Жартас, Жезді, Самарқанд, Желқуар, Сергеев, Амангелді) 100 пайызға толып тұр», - деп атап өтті министрліктен агенттік тілшісінің сауалына орай.
«Сондай-ақ, қоймалардан төмен орналасқан объектілер министрліктің бақылауында және қоймалардан ағызылатын су мөлшерін Су шаруашылығы комитеті реттейді. Су ресурстарын осылай реттеу қойманы және одан төмен орналасқан елді мекендерді су басу қаупінен сақтауға мүмкіндік береді», - деп нақтылайды Су министрлігі.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
20:31
Мәмбет Қойгелді: Алаш болмаса, Сахарада қой бақ...
02.10.2026
20:28
СІМ соғыс аймағында жүрген қазақстандықтарға қа...
02.10.2026
19:24
Алматыда 9 жастағы балаға зорлық көрсетті деген...
02.10.2026
18:57
Тоқаев Президент Әкімшілігіндегі бөлім басшысын...
02.10.2026
18:17
Тарихи жеңіс: Темірлан Тілеулес Қазақстанға тае...
02.10.2026
17:33
Зеленский Путиннің соғыс ережелерін сақтамауға ...