Еліміздегі үйлердің үштен бірінің салынғанына 50 жылдан асып кеткен
347
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы баспананың жай-күйіне баға берді.
Үй-жайдың қызмет ету мерзімі бойынша тұрғын үй қорының 29,3% астамы 1970 жылға дейін пайдалануға берілген.
1971-1990 жылдары — тағы 26,3%, 1991-2010 жылдары — 23,4%, 2010 жылдан кейін — қалған 19,5% (1,5% үйдің іске қосу деректері жоқ).
Баспананың жалпы алаңының, сонда тұратын адамдардың санына қатысы ретінде айқындалатын бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету көлемі 2023 жылы 23,9 м² болды, бір жыл бұрын ол 23,4 м² болған.
Тұрғын үй қорының ауданы бойынша Алматы қаласы (54,8 млн м2), Түркістан облысы (34,3 млн м2) және Астана (33,8 млн м2) көш бастап тұр.
Еске сала кетейік, Қазақстанда бас-аяғы 2 527 809 тұрғын үй бар.
Баспананың түрі бойынша жеке үйлердің жалпы саны — 2 219 826. Оның 40,6% — қалалық, 59,4% — ауылдық жерлерде.
Көппәтерлі үйлердің саны — 307 983. Ондағы пәтерлердің саны — 5 891 573 болды.
Соңғы жаңалықтар
11.04.2026
10:39
Парашютпен секірген 18 жастағы курсанттың өлімі...
11.04.2026
09:59
Ақмола облысында ер адам мешіттен қайырымдылық ...
11.04.2026
09:17
Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының сәтті а...
10.04.2026
18:35
Атыраудағы педофил әкімнің туысы болып шықты
10.04.2026
17:30
Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалап, 25 м...
10.04.2026
17:15
"Адал іс емес": Алагөзовтерді сынаушылар көбейді