Еліміздің елтаңбасында күрделілік басым - Ғылыми қызметкер
Геральдика – бұл тек елтаңбаларды ғана емес, оларды қолданудың дәстүрі мен практикасын зерттейтін тарихтың бір бөлігі. Барлығы бірдей біле бермейді, бірақ елтаңбалардың құрылымы мен элементтерінің тамыры тереңде және бір принциптерге, заңдылыққа негізделген.
Мысалы, АҚШ-тың елтаңбасы – мемлекеттік эмблема функциясын орындайтын екі жағында да үлкен мөр. Бетінде жыртқыш құс және Солтүстік Американың флора, фаунасы бейнеленген. Ол бір жағында жебе, екінші жағында өсімдік бұтағына ұстайды. Яғни, күресте ел тек өзіне сенеді.
ҚХР елтаңбасы ғасырлық тарихы бар басқа елтаңбалармен салыстырғанда, ҚХР-дың басты символы салыстырмалы түрде «жас» деуге болады. Ол 1950 жылы пайда болды. Қытай Елтаңбасының үлгісі КСРО эмблемасына етене жақын деп саналады. Олар ұқсас келеді, аспан асты елінің елтаңбасында тек екі түс бар: қызыл және сары. Біріншісі 1919 жылғы саяси революцияның маңызды рөлін көрсетеді және бостандық үшін күресте қаза тапқан халықтың қанын бейнелегендей. Сары социализмге үміт пен сенімнің түсі.
Көршілес РФ елтаңбасының негізгі элементі – екі басты бүркіт, оның кеудесінде жыланды өлтірген жеңімпаз Георгий Победоносец бейнеленген. Екі басты бүркіт – Албания, Сербия және Черногория сияқты басқа мемлекеттердің геральдикасында да қолданылады.
Ежелгі дәуірден бүркіт рухани бастама мен бостандықты білдірді. Сонымен қатар жеңіске деген ұмтылыс, батылдық, мақтаныш, елдің шығу тегі.
Тарихи жеңістерден кейін Ресей күшейіп, өсе бастады, онымен бірге оның символы – бүркіттің қанаттары жайылып, тұмсықтары ашыла түсті, кейінірек тілдері шыға бастады – бұл елдің өзі үшін күресе алатындығының белгісіндей көрінісі. XV ғасырдың аяғында патша мөрінде найзамен шабандоз қосылады т.с.с.
Яғни, Елтаңбаларда елдің әр кезеңдегі тарихи рөлі мен орны бейнеленеді. Демек, бұл Мемлекеттік рәміздер өзгеріске ұшырайды дегенді білдіреді.
Қазақстан Республикасы жер көлемі бойынша тоғызыншы орынды иеленген үлкен, алпауыт мемлекеттер қатарында. ҚР-ның Елтаңбасында күрделілік басым. Жастардың елтаңбаны танымай, білмей жатқаны насихаттың аздығынан болар. Десек те, ұсыныс ретінде, бес жұлдыз басқа элемет арқылы заман талабына сай ауыстырылса. Қалай болғанда да, бұл белгі қоғамда өткеннің сарқыншағы ретінде қабылданады. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы Конституциялық заңының шеңберінде болғаны ләзім. Әрі мұндай мемлекет үшін маңызды шара бір адамның пікірімен өлшенбесе керек. Сондықтан, елтаңбаға қандай бір жаңғырту жасағымыз келсе, халықтың пікіріне көңіл бөліп, елдің тілегін ескерген ләзім.
Нұрсұлу Дүйсенова,
Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері
Тарих ғылымының кандидаты
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
07.11.2026
17:16
Астанада әзілкешке сахнадағы сөзі үшін айыппұл ...
07.11.2026
16:35
Бас дәрігерлердің білімі сынға түсті: 47 медици...
07.11.2026
16:16
«Қазақмыс» 2026 жылы тоғыз елді мекенде 8 мыңна...
07.11.2026
15:31
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президенті Г...
07.11.2026
15:30
Өскеменде өрттен кейін үйінді астынан әйелдің м...
07.11.2026
14:32
ҚазҰУ-дың студенттік қалашығында бірінші курс с...