Елші қонақүйдің 22-қабатынан секіріп кетті

Елші қонақүйдің 22-қабатынан секіріп кетті
02.10.2025 12:47
0
217

Франциядағы Оңтүстік Африка Республикасының елшісі Нкосинати Эммануэль Мтетваның денесі Парижде табылды.

Бұл туралы Le Parisien басылымы хабарлады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 58 жастағы дипломат Париждің XVII округіндегі Hyatt қонақүйінің 22-қабатынан секіріп кеткен болуы мүмкін. Оның денесі бір тәулікке созылған іздестіруден кейін сейсенбі күні табылды. Париж прокуратурасы фактіні растады. Қазір істі Париж полициясының қылмыстарға қарсы күрес басқармасы (BRDP) тергеп жатыр.

Марқұмның жоғалғаны туралы бір күн бұрын әйелі хабарлаған. Ол дүйсенбі кешкісін күйеуінен «алаңдатарлық хабар» алғанын айтқан. Соңғы рет елшінің телефоны сол күні түстен кейін сағат 15:00 шамасында Булонь орманы аумағында тіркелген. Полиция өзін-өзі өлтіру ықтималдығын ескеріп, кинологтармен бірге паркті тексерген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий