Енді 13 жасқа толмаған балалардың боксқа қатысуына тыйым салынады

Енді 13 жасқа толмаған балалардың боксқа қатысуына тыйым салынады
29.07.2025 09:13
0
265
Фото: freepik.com

Туризм және спорт министрлігі спорттық жарыстарға қатысудың ең төменгі жас мөлшерін бекітті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұйрық 1 тамыз күні күшіне енеді. Оған бірқатар олимпиадалық спорт түрі кіреді. 

Мәселен, велоспорт жарысында бақ сынауы үшін бала 13-тен асуы керек. Ат спорты мен нысана көздеуге 12 жастан бастап қатысуға болады. Сондай-ақ министрліктің бұйырығына сәйкес, академиялық ескек есу мен еркін күреске – 10, жеңіл атлетикаға – 9, гольф, баскетбол, шайбалы хоккей мен футболға бала 8 жасқа толған соң баруға болады. 

Ал 7 жастан кейін әртістік жүзу, үстел теннисі, жүзу, сноуборд және тау шаңғы спорты додаларына қатысуына рұқсат. Спорттық құзға өрмелеу мен бадминтоннан болатын сайыстарға 6 жастан бастап және батуттағы гимнастика мен спорттық гимнастикаға 5 жастан бастап қатыса алады.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий