Енді мұғалімдерді қорлаған мектеп оқушыларына айыппұл салынады

Енді мұғалімдерді қорлаған мектеп оқушыларына айыппұл салынады
Италияда мұғалімдерді қорлаған мектеп оқушыларына айыппұл салынатын болды. Оқушылар мектеп қызметкерлеріне қатысты агрессия немесе зорлық-зомбылық фактілерін жасаса 500 еуродан 10 мың еуроға дейін айыппұл арқалайды. Осы жылы мектеп мұғалімдеріне қатысты зорлық-зомбылық оқиғалары 110%-ға көтерілгендіктен италиялық мектеп директорлары қауымдастығы бұл заңды қолдаған. Деректерге сүйенсек, бұған дейін көптеген жағдайда мұғалімдерге медициналық көмек қажет болған. Елдің білім министрі Джузеппе Вальдитара мінез-құлықты бағалау реформасы жеке жауапкершіліктің маңыздылығын қалпына келтіретінін мәлімдеді. Адамдарға және қоғамдық игіліктерге құрмет көрсетеді және мұғалімдердің беделін қайтарады дейді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу