«Енді сенбеймін»: Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбековамен неге қайта жұмыс істемейтінін ашық айтты
Продюсер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында бұрынғы шәкірті, әнші Мөлдір Әуелбековамен арадағы қазіргі байланысы туралы сыр шертті, деп хабарлайды Politico.kz.
Сұхбат барысында журналист продюсерден алдағы тың жобаларында Мөлдір Әуелбекова мен Балжан Бидашты көріп қалуымыз мүмкін бе деп сұраған. Алагөзова бұл сұраққа кесіп жауап беріп, Мөлдірмен енді ортақ жұмыс болмайтынын бірден аңғартты.
«Құдайға шүкір, Мөлдір Әуелбекова нақты қатыспайды. Ал Балжан Бидашқа қатысты әзірге нақты ештеңе айта алмаймын, тосынсыйлар болуы әбден мүмкін», – деді ол.
Сонымен қатар танымал продюсер Әуелбекованың бұған дейін бір рет келіп, кешірім сұрағанын еске алып, екінші мүмкіндік берілмейтінін қадап айтты.
«Бір өзенге екі рет түсу мүмкін емес деп есептеймін. Мөлдір бұған дейін кешірім сұрап келгенде, мен оны қабылдап, "жақсы" деген едім. Бірақ екінші рет бұған жол бере алмаймын. Маған мұның қажеті жоқ және мен оған енді сенбеймін. Ол — сенуге болмайтын адам», – деп кесіп айтты Баян Алагөзова.
Соңғы жаңалықтар