«Ендігі жаңалық үйлену той ма?»: Олжас Абайдың Дариға Бадыковаға қатысты жазбасы талқылануда

Танымал актер Олжас Абай жеке парақшасында жазба жариялап, оқырманын ойландырып қойды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өнер иесі халыққа алғысын білдірді.
«Біздің шығармашылығымызды жоғары бағалап, бізбен бірге жеңіске жетіп келе жатқан, талғамы биік көрермендерге көп рақмет айтамын. «Ыстық ұя» фильмі жай ғана драма емес, қоғамның бір айнасы екенін өздеріңіз дәлелдеп бердіңіздер. Рақмет! Алдағы жаңалық бұдан да шынайы, бұдан да қызық болмақ», – деп жазды актер.
Желі қолданушылары актердің жеке өміріне қатысты түрлі болжам жасап жатыр.
«Ендігі жаңалық үйлену той ма?», «Сөз салуды ұйымдастырып жатыр-ау», «Енді жасыра бермей айтыңыздар, тиіспейміз», «Ең бастысы – бақыттысыңдар!», «Әдемі жұпсыңдар, әкпеме жездем сай», «Ештеңеге қарамай бақытты болыңдар», – деп жазды көпшілік.
Соңғы жаңалықтар





