”Енеңе бас беру деген осы”: Журналист күйеу баласының шашын алған Жанар Айжанованы сынады

Журналист Ербол Мәндібек күйеу баласының шашын алған Жанар Айжанованы қатаң сынға алды.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды POLITICO.KZ Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
”Ырымға жаман нәрсе. Бұнысы болмапты. Жанар Айжанова апамыз су жаңа күйеу баласының шашын өз қолымен тақырлап алып тастапты. Енеңе ертерек бас беру деген осы. Ежелгі қазақ ырымында қайынжұрты күйеу баланың басы тұрмақ шашымен ойнамауы керек деген тәмсіл бар. Мүмкін бұл бүгінгі заман үшін ескірген шығар. Бірақ шаштараз толып тұрған заманда енесіне шашын алдыру «басын» алдырумен бірдей сияқты. Жанар апамыз елдің абыройлы адамы. Ертең елдің бәрі еліктеп күйеу балаларының шашын жұлса қайтеміз? Су жаңа тренд құтты болсын ағайын!”, — деп жазды журналист.
Соңғы жаңалықтар





