Енесін өлтіріп, етінен тамақ жасаған келін елді шошытты

31.10.2025 14:14 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Енесін өлтіріп, етінен тамақ жасаған келін елді шошытты
0
5047
Ашық дереккөз

Өзбекстанда жылдар бойы жалғасқан отбасылық жанжал ақыры қанды қылмысқа ұласты.

Millar басылымының хабарлауынша, келін мен ене арасындағы ұзаққа созылған араздық пен өзара қызғаныш қайғылы жағдаймен аяқталған. Тергеу мәліметіне сәйкес, тұрмыстық кикілжің кезінде келін ашуға беріліп, енесіне пышақ жарақатын салған. Әйел алған жарақатынан сол жерде көз жұмған.

Қылмысын жасыру мақсатында келін мәйітті бөлшектеп, аулаға көмген. Оқиға туралы күйеуі білген сәтте ол әйеліне қарсы шығып, жағдайдың мән-жайын анықтағысы келген, алайда келін өз күйеуін де өлтіріп тынған. Осыдан кейін ол ештеңе болмағандай қалып танытып, асүйге барып манты пісіріп, тіпті оны көршілеріне таратқан. Тергеушілердің пайымдауынша, ол бұл әрекеті арқылы айналасындағылардың күдігін сейілтпек болған.

Бірақ көп ұзамай қылмыс ашылып, келін ұсталды. Сот оның кінәсін толық дәлелдеп, 12 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий