Ер адам 8 жыл бойы кеудесінде пышақ барын білмеген

Танзанияның Ұлттық Мухимбили ауруханасының дәрігерлері сирек кездесетін медициналық жағдайға тап болды. 44 жастағы ер адам кеудесіндегі іріңді жараға байланысты тексерілуге келіп, денсаулығына айтарлықтай шағымы болмаса да, дәрігерлер оның кеудесінде ұзақ уақыт бойы пышақ тұрғанын анықтады. Бұл туралы Mirror басылымы жазды.
Пациенттің айтуынша, шамамен 10 жыл бұрын болған жанжал кезінде ол бірнеше жерден жарақат алған. Жаралары алғашқы көмекпен емделген соң, ол өзін жақсы сезініп, ешқандай ауырсыну немесе қызу байқалмаған. Алайда кейінірек кеуде тұсында ірің пайда бола бастаған.
Рентгендік тексеру нәтижесінде дәрігерлер ер адамның кеудесінде үлкен пышақтың жүзі бар екенін анықтады. Ол оң жауырын арқылы кіріп, өмірлік маңызды органдарды зақымдамаған. Бұл жағдай медициналық мамандар үшін де күтпеген жаңалық болды.
Хирургиялық ота барысында пышақ алынған, жарадан ірің де тазартылған. Пациент бір күн жансақтау бөлімінде болып, кейін 10 күн стационарда ем алған. Дәрігерлер оның толық қалпына келгенін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар





