Ер адам әйелін қарғаған анасын өлімші етіп сабап тастады

16.08.2025 16:09 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Ер адам әйелін қарғаған анасын өлімші етіп сабап тастады
0
2243
pixabay.com

Баку қаласының Хазар ауданында ер адам анасын әйелі жайлы айтқан қарғысы үшін ұрып-соққан. Бұл туралы Oxu.Az хжазды.

Оқиға Түркян елді мекенінде болған. 1984 жылы туған (аты-жөні өзгертілген) Габил Алиев бірінші әйелінен ажырасып, Руслана есімді әйелге үйленген. Алайда оның анасы жаңа келінімен тіл табыса алмай, үйде жиі жанжал шығатын болған.

Ер адамның анасы келінінң бір әрекетін жақтырмай, ашуланып, қарғыс айтқан

Мұны естіген Габил анасын әйеліне қарғыс айтты деп айыптап, екеуінің арасында жанжал туындаған. Даудың соңы ер адамның анасын жұдырықпен және шапалақпен ұрып-соғуына әкелген.

Жәбірленуші полицияға жүгінген. Оқиға орнына Хазар аудандық полиция басқармасының қызметкерлері келіп, факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Іс сотқа жолданғанымен, сот процесінде тараптар татуласқан, сондықтан іс тоқтатылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий