Ер адам екі жастағы ұлын қайнаған суға салып, өлтірді

Германияда 31 жастағы жергілікті тұрғын екі жасар ұлын азаптап өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Bild хабарлайды.
Оқиға шілде айында болған. Екі жасар баланың анасы жұмысқа кеткен кезде, ол ұлын өгей әкесінің қарауына қалдырған. Кешке ер адам ішімдік ішіп, баланы шомылдыруға бел буған. Бала қарсыласқанына қарамастан, ол оны ваннаға апарып, ыстық суды ағызып жіберген. Сәбиді күйіп бара жатқанына қарамай, күштеп ұстап тұрған. Тек терісі қып-қызыл болып күйгенде ғана баланы судан шығарған. Кейін ол әйеліне қоңырау шалып, болған жағдайды өзі хабарлаған.
Дәрігерлер бүлдіршінді ауруханаға жеткізген соң 41 күн бойы оның өмірі үшін күресті. Баланың денесінің 56%-ын ауыр күйік шалғаны анықталды. Алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге ол баланың анасына 25 мың еуро өтемақы төлеуге міндеттелді.
Соңғы жаңалықтар




