Ер адам «отбасын масқаралады» деп қызынының басын кесіп алған

Ер адам  «отбасын масқаралады» деп қызынының басын кесіп алған
14.08.2025 20:20
0
535
freepik

Уттар-Прадеш штатының батысындағы Алигарх қаласында әке өз қызын аяусыз өлтірді. Оның айтуынша, қызы «отбасын масқаралап, абыройына нұқсан келтірген». Бұл туралы The Times of India басылымы хабарлады.

Қайғылы оқиға 10 тамыз күні Алигарх маңындағы ауылдардың бірінде болған. Жергілікті тұрғындар су арнасынан адамның басы жоқ денесі салынған қапты тауып алған. Полиция бірнеше күн бойы құрбаның жеке басын анықтай алмай, істі тергеу барысында қиындықтарға тап болды.

Кейін әлеуметтік желілерде қыздың киімінің суреттері жарияланғаннан кейін, жергілікті шеберлердің бірі киімдегі ою-өрнекті танып, оны 19 жастағы Таманна есімді бойжеткенге арнайы тапсырыспен тіккенін мәлімдеді. Таманна — Алигарх қаласының 40 жастағы тұрғыны Хасрат Әлидің қызы.

Тергеу барысында анықталғандай, шілде айында Таманна бір ер адаммен үйден қашып кеткен. Екі күннен кейін ол әкесіне және өгей шешесіне қайта оралған. Ата-анасы оның бұл әрекетіне ашуланып, қызды ұрып-соққан. Алайда 8 тамызда Таманна әлгі ер адаммен қайта қашып кетіп, тағы да екі күн үйіне оралмаған.

Қыздың мұндай әрекетіне төзбеген Хасрат Әли бұл мәселемен қайын атасына жүгінген. Ол да қыздың әрекеті «отбасының абыройына дақ түсірді» деген пікірді қолдап, тез арада «шара қолдануға» кеңес берген.

Қызы үйге қайта оралған күні Хасрат Әли мен оның әйелі Таманнаға есірткі қосылған тағам беріп, есінен тандырған. Содан кейін олар қызды туысының үйіне апарып, сол жерде аса қатыгездікпен өлтірген. Қылмысты жасыру мақсатында Хасрат қызына бірнеше жарақат салып, оның кім екенін тануды қиындатуға тырысқан.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий