Ер адам туған анасын мас күйінде зорлап тастаған

Үндістанның Канпур қаласында жантүршігерлік оқиға тіркелді: жергілікті тұрғын өз анасына зорлық көрсетті деген күдікке ілінді. Бұл туралы The Times of India басылымы жазды.
Зардап шеккен әйелдің айтуынша, 3 шілде күні оның туған ұлы үйіне мас күйінде келіп, дөрекі мінез көрсетіп, кейін оған күш қолданып, зорлық жасаған. Оқиғадан кейін ол анасын қорқытып, болған жайтты ешкімге айтпауын ескерткен.
Алайда 11 шілдеде күдікті қайта келіп, тағы да зорлық көрсетуге әрекеттенген. Бұл жолы анасы қарсы тұрып, үйден қашып шыққан. Ол келініне барып, болған жағдайды алғаш рет ашық айтып беріпті.
Зардап шеккен әйел мен келіні бірнеше апта бойы қорқыныш пен ұялу сезімінен арыла алмай, құқық қорғау органдарына жүгінуге батылдары жетпей жүрген. Ақыры олар 12 тамызда полицияға ресми арыз жазды.
Қазіргі уақытта күдікті екінші шабуылдан кейін бой тасалап кеткен. Оны құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр.
Соңғы жаңалықтар





