Ер адам ұйықтап жатқан әйеліне шабуыл жасап, мұрнын жеп қойды

Ер адам ұйықтап жатқан әйеліне шабуыл жасап, мұрнын жеп қойды
07.05.2025 09:27
0
602
ашық дереккөз

Үндістанның Батыс Бенгалия штатындағы Шантипур қаласында бұрын-соңды болмаған оқиға тіркелді: ер адам ұйықтап жатқан әйеліне шабуыл жасап, оның мұрнын шайнап жеп қойған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы ETV Bharat басылымы жазды.

Жергілікті полиция Бапан Шейх есімді азаматты тұтқындады. Оқиға жайлы әйелінің анасы құқық қорғау органдарына хабарлаған. Оның айтуынша, күйеу баласы қызын қатты қызғанып, түнде оған шабуыл жасап, мұрнын тістеп жұлып алған.

9 жыл некеде тұрған ерлі-зайыптылардың ортақ қызы бар. Шейх өзінің жұбайы — Мадху Хатунды аса тартымды деп есептеп, әсіресе оның мұрнына ерекше назар аударатын болған. Ол жиі әзілдеп, "мұрның сондай әдемі, жеп қоярдаймын" дейтін көрінеді. Алайда бұл әзіл шынайы сұмдыққа айналды — 2 мамыр күні түнде ол расымен де әйелінің мұрнын тістеп жұтып қойған.

Мадху Хатун ауырсынудан оянып, қарсылық көрсеткен кезде күйеуі оның саусақтарын да тістей бастаған. Әйелдің айқайынан оянған анасы көмекке ұмтылғанымен, күйеу жігіт оған да шабуыл жасап, ұрып-соққан. Соған қарамастан, екі әйел үйден қашып шығып, аман қалған.

"Күйеуім кейде ішімдік ішіп, менің түр-сымбатымды, әсіресе мұрнымды мақтап отыратын. Бір күні «мұрныңды жеймін» деді — сөйтіп, сол түнде айтқанын орындады. Ол тіпті менің бетіме қышқыл шашамын деп қорқытқан кездері де болды", – дейді Мадху Хатун.

Қазіргі уақытта Бапан Шейх қамауға алынып, сотқа жеткізілді. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, отбасылық зорлық-зомбылық, психикалық денсаулық, және қызғанышпен жасалған қылмыстар тақырыбын қайта көтерді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий