Эрдоган Түркияда ұлттық аза тұту күнін жариялады
Эрдоган Карталкаядағы трагедияға байланысты ұлттық аза тұту күнін жариялады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Карталкая тау-шаңғы курортында болған өрттен кейін ұлттық аза тұту күнін жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.
22 қаңтар, сәрсенбі күні, Түркия аумағында және шетелдегі өкілдіктерде мемлекеттік тулар түсіріледі.
Режеп Тайып Ердоған өрттен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алғандарға тез сауығуын тіледі. Ол сондай-ақ, трагедияға кінәлілердің заң алдында жауап беретініне сендірді.
Карталкая тау-шаңғы курортындағы өртте 66 адам қаза тауып, 51 адам жарақат алған. Оқиға орнында 267 мемлекеттік қызметкер өртті сөндіру және құтқару жұмыстарын жалғастыруда.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жергілікті биліктің алдын ала деректері бойынша, қазақстандықтар зардап шекпеген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.11.2026
22:25
Маңғыстау облысы әкімдігіне келуші әйел пышақ а...
10.11.2026
21:39
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін ...
10.11.2026
20:22
Нұрлан Сабуров 100 миллион рубль бопсалау ісі б...
10.11.2026
19:19
Стендап-комик Нұрлан Сабуровтан Ресейге оралу ү...
10.11.2026
18:58
Ұлытау облысында банк менеджері сақтандыру төле...
10.11.2026
18:36
Экономист ел экономикасының 4,5%-ға өсуін түсін...