Ерке Есмахан қыздарға күйеуге шығуға асықпауға кеңес берді
1053
Белгілі әнші Ерке Есмахан өзіне келген сұрақтарға жауап беріп, қыз-келіншектерге ақылын айтты. Ол күйеуге шығуға асықпауға шақырды.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында бөлісті. Одан бір ару ажырасқаннан кейін қалай күйеу табуға болатынын сұраған.
«Мен мысалы ажырасқаннан кейін 12 жылдан соң тұрмысқа шықтым. Маған муж для галочки керек емес еді. Маған мені түсінетін, мені аялайтын, қалай бар солай мені қабылдайтын, шынайы ғашық адамға ғана екінші рет күйеуге шығамын деп өзіме-өзім сөз бердім. Аллаға шүкір осы бар талабым Раймның сүйіспеншілігімен ұштасты. Анда жоқ, мында жоқ деп жүріп таптым», - дейді әнші.
Сонымен қатар Ерке Есмахан ажырасқан және бойдақ қыздарға күйеуге шығуға асықпау керектігін айтты.
«Бойдақ қыздар, ажырасқан қыздар, ешқайда асықпаңыздар. Бәрі өз уақытында, өз ретімен болады. Тек күйеуге шығуды ойлап өмір сүрудің керегі жоқ, фокусты өзіңізге бұрыңыз. Ең бастысы бақытты болу», - деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар
21.08.2026
21:15
Ақтөбе облысында 4-сынып оқушысы суицид жасап қ...
21.08.2026
20:19
Өскеменде аю елді мекенге жақындады: Аңды дрон...
21.08.2026
19:47
Тарихшы: Жары Мұстафа Шоқайға ескерткіш қою үші...
21.08.2026
19:10
Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында халыққа үнде...
21.08.2026
18:50
Актер: Джеки Чан "Қазақстанда танымалмын ба?" д...
21.08.2026
18:44
Тоқаев елге маңызды үндеу жасайды