"Ерке ұлын бір жыл көрсетпей қойды": Асхат Садырбайдың екінші әйелі сұмдық жайттарды айтты
Журналист Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызы ел білмейтін тың деректерді айтты.
Күйеуімен ажырасу үшін соттан көз ашпаған әйел журналист Анна Данченкоға сұхбат берді.
“Біз үйленгеннен кейін Ерке екеуінің арасында бір ерегіс болды ма, ол баланы бір жылдай көрсетпей қойыпты. Баласын көрмеу ер азаматқа ауыр тиеді. Сол үшін ол айналасындағыларға агрессиясын шашатын. "Балаңды көр, оған бар" деп айтқаным бар. Алайда екінші болып үйленген соң өз баласы қасында бола тұра, сырттағы баланы іздегені ыңғайсыз жағдай тудырады. Бірақ менде қатты қызғаныш болмады. Ол Еркенің анасы арқылы баланы көріп келіп жүрді. Кейін балаларымызды таныстырдық", – деді Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызы.
Сондай-ақ бірінші некесінен дүниеге келген ұлына алимент төлемейтінін де айтты.
“Біз 2020 жылы заңды түрде ажырастық. Бірақ 2022 жылдан бастап төленді. Оған дейін неше түрлі жағдайлар болып, баланы тартып алды. Баламды қолыма алғаннан кейін ештеңеге мән бермедім. Ең бастысы, балам жанымда қалды. 20 мың теңгеден төлеген. Осы сұхбатқа бүкіл құжаттарды алып келдім. Қалаға келіп, балама үй алу үшін одан неге алиментті аз төлейтінін сұрадым. Оның бар ойы – алиментті алып тастау. “Мен саған 100 мың беріп тұрамын. Алиментті алып таста” деп өтініш айтты. Аузымен айтады, бірақ біреуін де орындамады. Бір компанияға жұмысқа тұрып, жоба жасағанда 75 мың, сосын 115 мың теңге төлеген. Ал Еркеден туған ұлына алимент төлемейді”, – деді жәбірленуші әйел.
Ақпарат stan.kz сайтынан алынды.