Ерлі-зайыптылар бұрынғы сүйіктісінің денесін төсек астында бір жарым жыл сақтаған

Ерлі-зайыптылар бұрынғы сүйіктісінің денесін төсек астында бір жарым жыл сақтаған
17.08.2025 15:09
0
388
Getty

АҚШ-тың Колорадо штатында ерлі-зайыптылар бұрынғы сүйіктісінің мәйітін төсектің астына жасырып, оның әлеуметтік төлемдерін заңсыз түрде алып келгені белгілі болды.

Тергеу мәліметінше, жұбайлар бір жарым жыл ішінде марқұмның атынан 17 мың АҚШ долларын иемденген. Шок тудырған оқиға Денвер қаласының маңында орын алған. 55 жастағы Джеймс пен оның 57 жастағы әйелі Сюзанн үйінде Сюзаннның бұрынғы сүйіктісі – Джеймс О'Нилмен бірге тұрған. Бір кездері О'Нил туған інісімен байланысын үзген соң, туысы алаңдап, полицияға хабарласқан.

Құқық қорғау органдарына ерлі-зайыптылар марқұмның «шетелдік әйелмен интернет арқылы танысып, бірге кетіп қалғанын» айтып, жалған түсінік берген.

Алайда қылмыскерлерді аш көздік әшкереледі. О'Нилге мұра қалатыны белгілі болған кезде, ерлі-зайыптылар оның «қайтып келгенін, бірақ туыстарымен сөйлескісі келмейтінін» айтып, шот деректерін ұсынған. Бірақ мұрагерлік рәсімде марқұмның өзі келуі тиіс болғандықтан, алаяқтық іске аспай қалды.

О'Нилдің інісі оның атына тіркелген шоттан үнемі ақша шешіліп жатқанын байқап, бақылау камераларын тексерген. Бейнежазбалардан қаражатты алып жүрген адамның Джеймс екені анықталған.

Полиция ерлі-зайыптыларды тұтқындады. Тергеуде олар О'Нилдің 2023 жылдың желтоқсанында аурудан немесе есірткіден көз жұмғанын мойындады. Ерлі-зайыптылар оның денесін үйінде қалдырып, ай сайынғы 1000 доллар әлеуметтік жәрдемақыны алып отырған. Мәйітті жануарлар зақымдап тастамас үшін олар оны матрастың астына жасырған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий