Ержан Еркінбаев Қазақстанға әлемдік жұлдыздардың сирек келуінің басты себептерін түсіндірді

Ержан Еркінбаев Қазақстанға әлемдік жұлдыздардың сирек келуінің басты себептерін түсіндірді
08.04.2025 13:57
0
235
Агибай Аяпбергенов/ Kazinform
Ұйымдастыру шығындары мен үлкен сахналар жетіспеуі кедергі болып тұр

Қазақстанға әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың сирек келу себебін вице-министр Ержан Еркінбаев түсіндірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оның айтуынша, басты себептердің бірі – Қазақстанның географиялық орналасуы. Әлемдік жұлдыздар негізінен АҚШ пен Еуропада тұрады. Олар әр концертпен бірге шамамен 20 жүк көлігіне тиелген арнайы сахналық құрал-жабдықтарын алып жүреді. Бұл өте үлкен шығынды талап етеді және көп жағдайда жұлдыздар мен ұйымдастырушылар үшін экономикалық жағынан тиімсіз болады.

«Біз үлкен жұлдыздардың концерттік картасына ену үшін ұзақ уақыт жұмыс істедік. Биыл Дженнифер Лопес Қазақстанға келетінін растады. Негізі концерттер болып жатыр. Мысалы, өткен жылы Алматыда 50 Cent, Николь Шерзингер өнер көрсетті. Селебритилер келеді», – деді Еркінбаев.

Сонымен қатар вице-министр Қазақстанда көлемі жағынан ауқымды іс-шаралар өткізуге арналған үлкен концерт залдарының жетіспейтінін атап өтті.

«Бізде "Алматы Арена", "Барыс Арена", "Астана Арена" бар, бірақ әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың шоуын өткізу үшін бұдан да үлкен залдар қажет. Жаңа Алатау қаласында үлкен концерт аренасын салу жоспарда бар. Сондай-ақ Бурабайды дамыту жоспары аясында да концерт залының құрылысы қарастырылған. Дженнифер Лопестің концерті сияқты шаралардың жыл сайын тұрақты өтуіне үміттенеміз», – деді Ержан Еркінбаев.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий