Есен Елеукеннің сұхбатына қатысты дау шықты

Есен Елеукеннің сұхбатына қатысты дау шықты
20.10.2025 18:52
0
96

«КешREC» бағдарламасында «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті – Есен Елеукен қонақта болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Сұхбат барысында Есен Елеукен өмірінде көлік тізгіндемегенін ашық айтты. 

"Көлік жүргізе алмаймын, өкінішке қарай. Шынымен көлік жүргізуге аса қатты тартқан жоқ. Мен тіпті велосипедті толық айдамаған адаммын. Үйде болса да қызықпаппын", - деді ол. 

Есен Елеукеннің бұл сөзіне бағдарлама жүргізушісі қалжыңдап: "Жайдарманнан басқа ештеңе жүргізбеген екенсіз", деді. 

"Осындай журналист бола ма көңілге қарау деген жоқ па", "Журналист өте сәтсіз әзілдеді. Әзіл емес, нағыз келеке ету болды", "Есен ағамыз біртүрлі болып қалды ғой", "Ауырлау әзіл болды, Есен аға ішіненн бір боқтап алды-ау" "Жайдарманға осыншама еңбек сіңірген азаматқа «Жайдарманнан басқа ештеңе жүргізбедім десеңізші» деп миығынан күлгендей болды", "Есен аға қаншама ауылда жүрген жас жігіттерді тартып танымал қылды, ал бұл журналистің жеткен жетістігі бар ма екен біреудің өмірін аңдығаннан басқа?!"деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий