"Есепте тұрғанын растады": журналист Атыраудағы іске қатысты тың дерек айтты

12.02.2026 17:11 Мөлдір Талғат
234
Фото: gov.kz

Танымал журналист Жанат Молдашева Атырау облысы Құлсары қаласындағы мектепте балта алып жүгірген оқушыға қатысты тың мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналистің айтуынша, оқиғаға байланысты ресми дереккөздердің өзі бір-біріне қайшы ақпарат беріп отыр.

«Құлсарыға арнайы барып, жағдайды өз көзіммен көріп, түрлі тараптармен сөйлестім. Білім басқармасы басшысы оқушы мектепішілік есепте жоқ десе, мектеп басшылығы оның есепте тұрғанын растады. Ал жоғалған балтаға қатысты да деректер әртүрлі: бірі “табылған жоқ” десе, полиция “айғақ ретінде алынған” дейді, прокуратура әлі нақтыламаған», — дейді журналист.

Қазіргі таңда оқиғаға байланысты құзырлы органдар жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр. Буллинг фактісінің бар-жоғы да әзірге нақтыланбаған.

Сондай-ақ Жанат Молдашева істің айналасында көптеген күмәнді жайттар бар екенін айтып, мұғалімдер мен ата-аналардың ашық пікір білдіруге қорқатынын жеткізді.

«Мұндай жағдайларды жылы жауып қоюға болмайды. Бірақ кез келген ақпаратты тексеріп, сыни көзқараспен қабылдауымыз керек», — деп түйіндеді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий