"Еш жазығы жоқ". Хасанның анасы мен әйелі ресми мәлімдеме жасады
Хасан Қасымбаевтың анасы Гүлнар Нұракенова ұлының ұсталуына қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Менің баламның ісін әділетті шешіп беруіңізді, істі өз қарамағыңызға алып, осыны анықтап беруіңізді сұраймын. Баламды жазықсыз кінәлап отыр. Кінәсін дәлелдеп берсін. Департаментке де сол үшін келіп отырмын. Жауабын сол кісілерден күтемін, - дейді Қасымбаевтың анасы.Ал оның әйелі Зүлфия Қасымбаева күйеуінің ешқандай ОПГ-ға қатысы жоғын айтып отыр:
Ол білетін, танитын адамдармен барып, сөйлесіңіздер. Ол қандай адам екенін сұраңыздар. Ол туралы жаман сөздер жазбас бұрын біліп алыңыздар. Біздің отасқанымызға 15 жыл болды. Ол үш баланың әкесі. Балаларға қаншалықты психологиялық қысым жасалып жатқанын білсеңіздер ғой. Оның ешқандай ОПГ-ға қатысы жоқ. Өз шаруашылығы бар, малы бар, - дейді ол.Бүгін талғарлық Шерзат Болаттың өлімінен кейін аты қызу талқыға түскен хуторлық Хасан Қасымбаев ұсталғаны хабарланған болатын. Ол азамат А-ны ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген. Оқиға 2021 жылдың маусымында болған. фото: ulysmedia.kz
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
03.11.2026
21:30
Олжас Бектенов жаңа Көлік министріне жол сапасы...
03.11.2026
20:49
Сауранбаев өзі кетті ме, әлде отставкаға жібері...
03.11.2026
20:35
Атырауда әлеуметтік желіде тура эфир жүргізген ...
03.11.2026
19:13
Қазақстанда жүргізушілер үшін 0,3 промилле шект...
03.11.2026
18:20
Тоқаев көлік министрін ауыстырды
03.11.2026
18:05
Ақтөбеде студентті төртінші қабаттың терезесіне...