"Ешкім ештеңе бермейді": Президент жастарды көп жалақыдан үміттенбеуге шақырды
784
Беларусь Президенті Александр Лукашенко жастарды жалақының өсуіне үміт артып, соған ғана сеніп отыра бермеуге шақырды. Ол бұл туралы Минск қаласында өткен Балалар мен жастардың техникалық шығармашылық орталығының ашылу рәсімінде айтты.
Мемлекет басшысы орталықтың ашылуында жиналған жас белорустармен ресми емес, еркін форматта әңгімелескен.
«Бұл — он-он бес жылдан кейін елдің дамуына тікелей үлес қосатын жастар. Мұны мемлекет басшысы жақсы түсінеді. Енді мұны олардың өздері де түсінуі керек — неліктен мұның бәрі жасалып жатқанын білуі қажет», — делінген телеарна материалында.
Бұқаралық ақпарат құралдары атап өткендей, кездесуде Лукашенконың «ешкім ешкімге жайдан-жай ештеңе бермейді» деген сөзі интернетте кеңінен тарап, вирусқа айналды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...