"Ешкімді мінгестіргім келмеді": скутер тізгіндеген Мақпал Жүнісова елді күлдірді
2335
Отандық танымал әнші Мақпал Жүнісова көпшілікке шетелде қалай демалып жатқанын көрсетті. Өнер иесі желіде демалысынан видео жариялап, елді күлдірді, деп жазады Malim.kz.
Мақпал Жүнісова шетелге ұшып кеткенін Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Эстрада жұлдызы демалысынан видео жариялап, әсерін бөлісті.
Өнер иесі бөліскен бейнежазба бірден қызу талқыға түсіп, елді күлдірді. Онда әншінің скутер тізгіндеп бара жатқанын көруге болады. "Ешкімді мінгестіргім келмесе, осылай болады", - деген жазба қалдырды ол.
Видео соңында Жүнісова артына мінгесіп жатқан ер баланы суға құлатып алады. Желі қолданушылары бірден лүпілдетіп, өнер иесіне түрлі пікрлер жазды.
"Шынымен сіз бе? Тоқтамай күлдім ғой", "Сенген серігім сен болса" дегендей болды ғой", "Мақпал ханым жүрген жерінде күлкіге қарқ етіп жүреді", "Бәрін күлдіреді де, жүреді", "Ана жігітке обал болыпты. Оңбай құлапты", - деп жазуда оқырмандар.
Соңғы жаңалықтар
19.09.2026
17:30
Астанада жеке клиника арқылы 628 млн теңге ұрла...
19.09.2026
16:25
Бұрынғы әйелнің үйіне бірнеше рет барып, жанжал...
19.09.2026
15:39
«Бұл – масқара»: Тоқаев жол сапасына қатысты қа...
19.09.2026
15:15
Тоқаев Астана қаласының әкіміне қатаң тапсырма ...
19.09.2026
14:09
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026
13:26
Теміртаудағы үйде газ жарылды: 67 жастағы тұрғы...